Қазақстанның газ қорындағы әлеуеті

07.03.2025 13:14 В Мире

Қазақстан жер қойнауында 2 трлн текше метрден астам газ қоры бар. LS тілшісі еліміздегі ең көп газ қоры шоғырланған өңірлер туралы баяндайды.

Индустрия және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел аумағында 252 газ кен орны анықталған, олардың жалпы өндірілетін қоры – 2,1 трлн текше метр.

Ең көп "көгілдір отын" Атырау облысында шоғырланған – 79 кен орнында 1,8 трлн текше метр газ бар.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 100 млрд текше метрден астам газ қоры бар. Жалпы, еліміздің сегіз өңірі табиғи газ қорына бай.